ХАМАС қозғалысы мәлімдеме жасап, Палестина халқына қарсы агрессияны тоқтатуға әкелетін кез келген бастаманы құптайтынын және дереу келіссөз үстеліне отыратынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мәлімдемеде Америка Құрама Штаттары ұсынған бірқатар идея араағайын елдер арқылы алынғаннан кейін, Газа секторында соғысты тоқтату және барлық тұтқынды босату үшін шұғыл келіссөз үстеліне отыруға дайын екені айтылған.
Сонымен қатар, ХАМАС қозғалысы Израиль әскерін Газадан шығару және сол жерде дереу жұмыс бастайтын тәуелсіз Палестина үкіметін құру үшін кепілге алынғандардың барлығын босатуды талқылауға дайын екенін баса айтты.
Бұған қоса, ХАМАС сионистік режимнің келісімді жариялағаннан кейін бұрынғы өз міндеттемелерін орындамаған тәжірибесін қайталамауы үшін қол жеткізілген келісімнің орындалуына кепілдік беруді талап етті.
ХАМАС қозғалысы бұған дейін америкалық жоспарға негізделген келісімге байланысты Газада соғысты тоқтатуға келіскенін, бірақ сионистік режим бұл келісімге жауап бермей, қылмыстары мен этникалық тазарту және жою жұмыстарын жалғастырғанын еске салды.



















