Еуропалық Одақ Израильмен серіктестік келісімін ішінара тоқтатуға шешім қабылдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент депутаттарының алдында Еуроодақ жағдайы туралы сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Фон дер Ляйен Газадағы қолдан жасалған ашаршылық пен Израильдің екі мемлекет негізіндегі шешімге нұқсан келтіру әрекетін қатаң айыптады.
Еурокомиссия төрайымы: «Газада болып жатқан жағдай мүлдем қабылдауға келмейді. Еуропа бұрынғыдай қозғалысқа жетекшілік етуі қажет», — деді.
Урсула фон дер Ляйен Израильге қолдау көрсетуді және Еуропалық Одақ пен Израиль қауымдастығы келісімінің саудаға қатысты бөлігін ішінара тоқтатуды ұсынды.
Еуропа Одағы биыл жылдың басында Израильмен серіктестігі мен 1995 жылы қол қойылған келісімді қайта қарауға келісті.
Еуроодақ дипломатиялық қызметінің басшысы Кайя Каллас Израильге қатысты 10 санкцияны атады. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия Израильдің Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қатысуын ішінара шектеуді ұсынды.
Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 7 қазанында басталған қақтығыстан 64 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Олардың көбісі — әйелдер мен балалар.



















