Иранның Гармсар қаласының билігі тұз шахталарында сауықтыру туризмі орталықтарын құруды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Гармсар әкімі Әли Хеммати бұл жобаның жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканы әртараптандыратынын баса айтты.
Хемматы: “Тұз шахталарында туризмді ілгерілету Гармсар әкімшілігінің биылғы жылы жүзеге асырылып жатқан басым бағдарламаларының бірі болып табылады”, -деді.
Облыстық мәдени мұра басқармасының басшысы Милад Резайидің айтуынша, тұзды шахтаға келушілерді тарту жобалары қазірдің өзінде қолға алынған.
Үкімет туристік агенттіктерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, туристік нысандар туралы деректі материалдар дайындауда.
Гармсар — Батыс Азиядағы ірі тұз туннельдерімен танымал мекен. Бұл үңгірлердің қабырғалары жарықпен жарықтандырылған әрі сталактиттермен безендірілген.

















