Франция Сыртқы істер министрі Жан Ноэль Барро шиеленістер үдерісі мен диалог кеңістігін сақтаудың маңыздылығы мен дипломатиялық жолға оралудың қажеттілігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Жан Ноэль Барро бұл туралы кеше түнде Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы байланыста мәлімдеді.
Осы сұхбатта Иран СІМ Аббас Арақчи Қауіпсіздік кеңесінде еуропалық елдер тарапынан «snapback» деп аталатын механизмді белсенді етуді кез келген саяси және құқықтық маңыздылықтан кенде және шиеленіс пен дағдарысты арттыру бағытындағы әрекет деп атады.
Арақчи сонымен қатар ИИРның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатын тағы қуаттап, Иран мен АҚХА арасындағы жуырдағы келісімді еске салып: «ИИР әрдайым халықаралық тақырыптар, соның ішінде еліміздің ядролық бағдарламасының шешім жолын тек дипломатия санап, өзара мүддеге кепілдік беретін әділ және теңгерімді шешім жолына әзір», — деді.
Тараптар сонымен қатар осы сұхбатта екіжақты байланыстың жағдайын, соның ішінде екі ел арасындағы консулдық мәселелерді қарастырып, екіжақты байланыс пен кеңесуді жалғастыру қажеттігін баса айтты.

















