Иран-Әзербайжан бірлескен экономикалық комиссиясының отырысы Тегеранда келесі аптада өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Сауда, өнеркәсіп, кеніш және ауыл шаруашылығы палатасы төрағасының орынбасары Хоссейн Пирмоеззен Иранның Әзербайжандағы елшісі Моджтаба Демирчилумен кездесуінде мәлімдеді.
Хоссейн Пирмоеззен кездесуге Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаевтың да қатысуы күтілетінін айтты.
Пирмоеззен Билясувар еркін сауда және өнеркәсіп аймағында логистикалық порт пен бірлескен өнеркәсіптік қалашық құру жоспарына баса назар аударды.
Оның айтуынша, бұл жоба Иран мен Әзербайжан Президенттерінің келісімі және Бірлескен экономикалық комиссияның мақұлдауымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Пирмоеззен Ардебил-Баку теміржол желісінің іске қосылуы да өңірдің ауыл шаруашылығы экспорты үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Оның пікірінше, бұл теміржол Ресейге кіруді жеңілдетіп, логистикалық шығындарды едәуір азайтады.
Пирмоеззен шекарада жүк көліктерін күту уақыты бір аптадан 48 сағатқа дейін қысқарғанына тоқталып, егер кедендік операциялар тәулік бойы жұмыс істейтін болса, тасымалдау көлемі артатынын баса айтты.


















