Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамашылары Израильді халықаралық футбол турнирлерінен шеттетуге шақырған мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы баяндамашыларының мәлімдемесінде оккупацияланған Палестина аумақтарында жалғасып жатқан геноцидке жауап ретінде ФИФА мен УЕФА ұйымдарын Израильдің ұлттық құрамасын халықаралық футбол турнирлерінен шеттетуге шақырғаны айтылған.
Мәлімдеме авторлары спорт ұйымдары мен алаңдарының әділетсіздікті қалыпты жағдай ретінде көрсетуіне немесе адам құқықтарының өрескел бұзылуына көз жұмуына болмайтынын баса айтты.
Мәлімдеме авторлары бұл жеке ойыншыларға емес, Израиль мемлекетіне қарсы бағытталғанын айтып: “Біз үнемі жеке тұлғалар Үкімет қабылдаған шешімдерге жауапты болмауы керек деп есептедік. Бірақ адам құқықтарын өрескел бұзған елдерді таныстырып отырған ұлттық құрамалар шеттетілуі тиіс. Мұндай жағдайлар бұрын да болған”, – деді.
Мәлімдемеде ФИФА мен УЕФА секілді халықаралық жеке ұйымдардың да Біріккен Ұлттар Ұйымының бизнес және адам құқықтары жөніндегі жетекші қағидаттарына сәйкес халықаралық құқыққа бағынуы тиіс екені айтылған.
Құжатта: “Біз Израильге санкция салуға бағытталған әрекеттерді қолдаймыз. Израильдің Палестина аумақтарындағы заңсыз әрекеттерін доғару үшін ФИФА-ға тағы да үндеу тастаймыз. Газа секторындағы геноцидті тоқтату – халықаралық құқық бойынша заңды әрі міндет”, – деп жазылған.



















