Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Тегеранның Каирде Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікпен жасаған келісімінің енді жарамсыз екенін мәлім етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Тегерандағы елшілер, уақытша сенімді өкілдер және шетелдік, халықаралық өкілдіктердің басшыларымен бірлескен отырыстан кейін мәлімдеді.
Арақчи сөзінде Иранның әділ дипломатиялық шешімдерге дәйекті түрде ұмтылғанын, алайда Батыс елдері шамадан тыс және негізсіз талаптарға байланысты бұл күш-жігерден бас тартқанын атап айтты.
Иран Сыртқы істер министрі: “Тәжірибе Иранның ядролық мәселесін тек дипломатиялық және келіссөздер арқылы шешуге болатынын көрсетті.
Snapback барлық алдыңғы шарттарды өзгертеді, сондықтан Каир келісімі енді жарамсыз. Иран мәселені келіссөздер арқылы шешудің барлық мүмкін жолын қолданды. Батыстың Snapback механизмін пайдалануына ешқандай дәлелді себебі жоқ.
Еуропаның үш елінің Snapback механизмі арқылы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойлары тиімсіз болып шықты. Керісінше бұл дипломатиялық қарым-қатынасты қиындатты.
Қазірдің өзінде тараптар адал әрекет етіп, өзара мүдделерді ескерсе, келіссөздерді жалғастыруға болады. Алайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі соңғы оқиғалар бұл үдерісті қиындата түсті.
Иран өз құқықтарын қорғай отырып, өзара мүдделерді қамтамасыз ететін әрі ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта пайдаланылатындығы жөніндегі қорытынды аясында кез келген шешімді қарастыруға дайын екенін тағы көрсетті”,- деді.
















