Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Қосылмау қозғалысы ұйымына мүше мемлекеттердің саммитіне қатысу үшін Угандаға келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бүгін, сәрсенбі күні таңертең Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Қосылмау қозғалысының Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Уганда астанасына келді.
Саммит барысында Аббас Арақчи жалпы талқылауларға қатысып, Иран Ислам Республикасының халықаралық оқиғаларға қатысты ұстанымын баяндайды. Сондай-ақ шара аясында екіжақты кездесулер өткізіп, саммитке қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерімен пікір алмасады.
Айта кетейік, Қосылмау қозғалысының XIX саммиті 2024 жылдың қаңтар айында Уганда астанасы Кампала қаласында өтті. Уганда Республикасы 2024–2027 жылдар аралығында Қосылмау қозғалысына төрағалық етеді.


















