Иран мен Ресей арасындағы Рашт – Астрахан бағытындағы алғашқы рейс орындалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, жексенбі, 19 қазан күні Иран мен Ресей арасындағы Рашт – Астрахан бағыты бойынша алғашқы рейс жүзеге асырылды.
Иранның Рашт қаласы мен Ресейдің Астрахан қаласы арасында аптасына бір рет тұрақты рейстер жүзеге асырылатын болады.
Raimon Airways әуе компаниясының №7450 Рашт – Астрахан бағытындағы алғашқы рейсі Сардар Джангал атындағы әуежайдан ұшты.
Гилян әуежайының бас директоры Сейед Мохсен Мирхосейни IRNA агенттігіне берген сұхбатында Сардар Джангал әуежайының Солтүстік–Оңтүстік дәлізінде орналасуын ескеріп, бұл жолаушылар рейсінің сауда мен іскерлік қатынасты едәуір жеңілдетуі мүмкін екенін және жақын болашақта жүк рейстерін іске қосуға жол ашатынын баса айтты.
Айта кетейік, Рашт қаласындағы Сардар Джангал атындағы халықаралық әуежай Ирандағы ең үздік әуежайлардың қатарына кіреді.



















