Израильдің Сдерот қаласында алғаш рет Иранның кино және мәдениетінің фестивалі өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, аталмыш фестиваль 24–25 қараша күндері өтеді деп жоспарланған. Шараны Негевтен шыққан мәдениет қайраткері әрі кәсіпкер Дана Самах Сдерот муниципалитетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Фестиваль “Наурыз” деп аталады.
Самах: “Мәдениет қауіп пен қару-жарақ соқтығысатын әлемде бізге басқа бір тілдің бар екенін еске салады. Ол сезімдердің, сұлулықтың және адами байланыстардың тілі”,- деді.
Оның айтуынша, фестиваль өнер, кино және музыка арқылы диалогқа жол ашуды мақсат етеді.
Фестивальдің ұйымдастырылуы Иран бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Шара әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.
Фестивальдің ашылуында дәстүрлі парсы музыкасын заманауи әуендермен үйлестіретін Itay Armon ансамблі өнер көрсетеді.
Одан кейін Сдерот қаласының әкімі, әртістер, мәдениет қайраткерлер, шетелдік дипломаттар мен қонақтардың қатысуымен шараның ресми ашылу рәсімі өтеді.
Кеш бағдарламасында “Лолитаны оқу” фильмі көрсетіледі. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі әйгілі режиссер Асғар Фархади түсірген “Агент” фильмін көрсетуімен аяқталады.



















