Иран Шанхай қаласында өткен сегізінші Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран компанияларының хош иістері мен тері күтіміне арналған өнімдері көптеген келушілердің назарын аударып, Қытай тұтынушыларының қызығушылығын тудырды.
Shanghai Observer басылымының мәліметінше, ерекше түспен безендірілген Иран павильоны дәстүрлі өрнектерімен және раушан, шафран иісімен келушілердің назарын бірден өзіне аударды.
Иран павильонымен қатар Shanghai Genius Biotechnology Co. компаниясының стендінде ирандық өнімдердің кең ассортименті ұсынылды. Бұл павильон өткен бейсенбі күні ресми түрде ашылған болатын.
Компанияның Бас директоры Чжан Гуйцай Иран әлемде дамаск раушанының шамамен 65 пайызын өндіретінін, олардың компаниясы бұл табиғи ингредиентті заманауи тері күтімі технологияларымен біріктіріп, қытайлық тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратынын айтты. Сондай-ақ, ол биыл компания шафран негізіндегі бет және көз айналасына арналған кремдерді шығара бастағанын айтты.
Чжан Гуйцайдың айтуынша, компания қазіргі таңда эфир майлары мен раушан суынан бастап, тері күтімі мен денсаулыққа арналған шафран өнімдеріне дейін 30-дан астам өнім ұсынады.
Олардың кейбірі Қытайда ирандық ингредиенттер негізінде өндіріледі. Кейбірі тікелей импортталады.
Ол сондай-ақ бұрын Иранда ғана танымал болған Barij бренді соңғы бес жылда Қытай тұтынушылары арасында ең танымал шетелдік тері күтім брендтерінің біріне айналғанын атап айтты.
















