Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Венадағы БҰҰ жанындағы Қытай, Иран және Ресейдің тұрақты өкілдерімен кездесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Михаил Ульянов кеше, сейсенбі, 11 қараша күні мәлім етті.
Михаил Ульянов Telegram арнасындағы парақшасында: “Қытай, Иран және Ресейдің тұрақты өкілдері Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси және оның командасымен кездесіп, Агенттіктің Басқарма кеңесінің алдағы сессиясына қатысты пікір алмасты”, -деді.
Агенттіктің Басқарума кеңесінің кезекті сессиясы 17–21 қараша аралығында Вена халықаралық орталығында өтеді. Кездесудің тақырыбы әзірге белгісіз.



















