Иран Америкамен ядролық бағдарлама бойынша өтетін алдағы келіссөздерге Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гроссидің қатысуын қарастырып жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Исмаил Бақайи: “Рафаэль Гроссидің келесі кезеңдегі келіссөздерге қатысу мәселесі талқылануда. Әзірге нақты жауап бере алмаймын. Алайда бұл тақырып көтерілді, себебі ол алдыңғы келіссөздер кезеңінде белгілі бір рөл атқарған болатын”, — деді.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Агенттік инспекторларының 2025 жылдың маусым айындағы АҚШ соққылары кезінде зақымдалған ядролық нысандарға бару мүмкіндігі туралы қойылған сұраққа: “Бұл мәселе нақты келісуді талап етеді. Ол барлық аспектіні, соның ішінде Мәжіліс қабылдаған заң мен сол заңда көзделген тәртіпті ескеріп, әзірленуі тиіс.
Біз әзірге бұл кезеңге жеткен жоқпыз, дегенмен Агенттікпен ынтымақтастық аясында алмасулар мен байланыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді”,- деді.
Айта кетейік, Иран мен Америка Құрама Штаттары 26 ақпан күні Женевада келіссөздердің үшінші кезеңін өткізеді.



















