Иран Атом энергиясы ұйымының ресми өкілі Беһруз Камалванди Иранның Атом қуаты ұйымының басшысын Мохаммед Исламидің Агенттіктің Бас конференциясына қатысуына кедергі келтіруді қауіпті прецедент деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚХА-нің 70-ші Бас конференциясы аясында журналистерге сұхбат берген Камалванди халықаралық ұйымдарда белгіленген ережелер мен рәсімдердің қатаң сақталуы қажеттігін баса айтты.
Беһруз Камалванди: «Иранның ядролық бағдарламасы басшысының Бас конференцияға қатысуына тосқауыл қою болашақта кез келген мемлекетке кері әсерін тигізуі мүмкін қауіпті прецедент қалыптастырады. Сондықтан мұндай озбырлық пен саяси қысымға батыл қарсылық көрсетуіміз керек», — деді.
Иранның ресми өкілі АҚШ әкімшілігінің әрекетін сынға алып, халықаралық қауымдастықты Вашингтонның халықаралық институттарға қысым жасауына жол бермеуге шақырды.
Камалванди: «АҚШ әкімшілігінің бұл дұшпандық әрекеттері — балалық сипаттағы қадамдар ғана. Агенттік пен оған мүше мемлекеттер АҚШ-ты АҚХА ережелерін сақтауға мәжбүрлеп, халықаралық институттарға қысым көрсетуге жол бермеуі тиіс», — деді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ әкімшілігі Австрия Үкіметінің Иранның ядролық мәселелер жөніндегі вице-президенті әрі Атом Қуаты ұйымының басшысы Мохаммед Исламидің БҰҰ-ның Атом Қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас конференциясына қатысу және сөз сөйлеу үшін бұл елге кіруіне тыйым салып, виза беруден бас тартқанын растады.
Венадағы баспасөз мәслихатында АҚШ Энергетика министрі Крис Райт санкцияланған тұлғаларға шектеулерді айналып өтуге рұқсат берілмейтінін айтып, Исламидің санкциядан уақытша босату туралы өтініші қабылданбағанын мәлімдеді.
Австрия билігінің бұл шешіміне байланысты Мохаммед Ислами 14–18 қыркүйек аралығында Венада өтіп жатқан АҚХА-нің 70-ші Бас конференциясында офлайн форматта сөз сөйлей алмайды.



















