Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи келесі аптада Баку қаласына ресми сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сапар аясында Аббас Арақчидің Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және осы елдің басқа да ресми тұлғаларымен кездесулері жоспарланған.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің сапары барысында энергетикалық қауіпсіздік пен көлік байланысы талқыланады деп күтілуде.
Сонымен қатар, екі ел арасындағы консулдық байланыстарды күшейту мәселесі төңірегінде пікір алмасады.
Жуырда Әзербайжанның Тегерандағы елшісі Әли Әлизаде Табриз қаласында жаңа Бас консулды таныстыру үшін Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездескен болатын.
Айта кетейік, қазан айында Бакуде Иран, Әзербайжан және Ресейдің Премьер-министрлері орынбасарлары деңгейінде кездесу өтіп, онда “Солтүстік–Оңтүстік” дәлізін дамыту мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садеқ бұл дәлізді көлік жобасы қана емес, энергетикалық хаб ретінде қарастыруды ұсынған болатын.


















