Иран Пәкістан мен Талибан қозғалысы құрған Ауғанстанның уақытша үкіметі арасында келіссөз кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Пәкістан мен Ауғанстанның уақытша үкіметі арасындағы маңызды кездесу 16-17 желтоқсанда Тегеранда өтеді.
Islamabad Post басылымының мәліметінше, бұл екі көрші ел арасындағы тығырықтан шығуға бағытталған дипломатиялық қадам ретінде қарастырылуда.
Бұл кездесу мұның алдында Доха, Ыстамбұл және Жиддада өткен келіссөздердің кезеңдерінен кейін ұйымдастырылып отыр.
Тегерандағы алдағы кездесуге Қытай мен Ресейдің қатысуы маңызды болып табылады. Бұл ірі өңірлік державалардың Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шиеленістің ушығуын аймақ тұрақтылығына қауіп деп санайтынын көрсетеді.
Дипломатиялық дереккөздерінің мәліметінше, келіссөз барысында Исламабад тарапын Пәкістанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, елші Мохаммад Садиқ басқарады.


















