Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Еуропаның үш елі Иранмен келіссөз жүргізу мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Сейед Аббас Арақчи Еуропаның үш елі — Германия, Франция және Ұлыбритания Иранға қарсы Снепбэк механизмін заңсыз қайтару арқылы іс жүзінде келіссөз үшін соңғы құралдары мен мүмкіндігінен айырылғанын, сол себепті Иран осы үш елмен қайтадан келіссөз жүргізу үшін еш себеп көре алмай отырғанын баса айтты.
Арақчи бұл туралы Мәскеуде рРесей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген хабар брифингінде мәлімдеді.
Арақчи: «Иран NPT келісімі аясындағы өз міндеттемелеріне табанды болғанымен, ядролық нысандарына жасалған ядролық шабуылдар жағдайды өзгерткенін қуаттайды. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның шабуылға ұшыраған орталықтарын тексеру үшін тиісті хаттамалары жоқ. Қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлермен күресу үшін жаңа механизмдер анықталғанға дейін олардың тексеретін мүмкіндіктері жоқ.
Батыс елдерінің қастандық әрекеттерінен кейін Каир келісімі жойылғанына байланысты Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің заңына сәйкес, АҚХА-нің талаптары туралы шешім қабылдау тек қана Иран Ұлттық қауіпсіздік Жоғарғы кеңесінің құзыретінде болмақ»,- деді.












