Иран БРИКС елдері үшін ортақ ғылыми зертханалар желісін құру бастамасын ұсынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл ұсыныс БРИКС ұйымының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылып, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Бастаманың мақсаты – ғылыми-зерттеулерге кететін шығындарды азайту және бірлестікке мүше мемлекеттер арасындағы технологиялық алшақтықты қысқарту.
Иранның ғылым, технология және іргелі ғылымға негізделген экономика жөніндегі вице-президенті Хоссейн Афшиннің айтуы бойынша, бастаманың мәні қымбат зертханалық жабдықтарды бірлесіп пайдалануда.
Бұл зертханалық инфрақұрылым құру шығындарын төмендетіп, технологияларды анағұрлым қолжетімді етеді.
Ұсыныс негізіне Иранда қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ұлттық зертханалар желісінің үлгісі алынған. БРИКС елдері оны бейімдеу мүмкіндігін қарастыру үшін егжей-тегжейлі зерделеуге келісті.
Иран халықаралық алаңдарда, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында да, технологиялар құнын кооперация арқылы төмендету мәселесін жүйелі түрде ілгерілетіп келеді.
Мұның алдында осыған ұқсас тақырыптар Қытай тарапымен де талқыланған. Зертханалық саладағы өңірлік ынтымақтастық Парсы шығанағы елдерімен де пысықталуда.

















