FIFA 2026 жылғы әлемдік чемпионаттан түсетін табысын Газаны қайта құруға арнайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша футболдың әлемдік федерациясы бұрын-соңды болмаған әрекетте 2026 жылғы футболдан әлемдік чемпионаттан түсетін табыстың бір бөлігін Газа секторының халқын қолдауға арнайтынын мәлім етті.
Испания БАҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, FIFA кеңесі келесі жылы жазда Америка мен Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлемдік чемпионаттан түсетін табысының бір бөлігін Газа секторын қолдау үшін бөлуге шешім қабылдаған.
FIFA бұл шешімді Қатардың Доха қаласында өткен жиналыста қабылдады. Осылайша FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатынан теледидардан хабар тарату мен билеттерін сатудан түскен табысының бір бөлігін Газа секторындағы Палестина халқына көмектесуге бөледі.
Шешім Газа халқына екі жылдан астам соғыстан кейінгі дағдарыстан шығуға көрсетілетін көмек саналады.FIFA сонымен қатар 2026 жылғы әлемдік чемпионатқа қатысатын әрбір командаға кемінде он миллион еуро қолма-қол ақшалай сыйлық төлейді.
Ақша командалардың турнирдегі көрсеткіштеріне байланысты анықталатын жүлделерден басқа төленетін қосымша сыйақы болып табылады.
Айта кетейік, командалар санының 48-ге дейін артуы теледидардан көрсетілуден түсетін табыс пен билеттерге деген сұранысты арттырды.













