Тбилиси мен Тегеран екі ел арасында автотуризмді дамыту және автомобиль қатынасын жеңілдетуге ниетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Грузия мен Иран автотуризмді дамытуға бағытталған әрі автомобиль саласындағы байланысты нығайтатын келісімге қол қойды.
Екі елдің автокөлік қозғалысының өкілдері арасында өткен келіссөз барысында автожарыстар мен автотуризм саласындағы бірлескен жобаларды дамыту жөнінде меморандум жасалды.
Құжат Иранның Туризм және автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы мен Грузияның Автомобиль федерациясы арасындағы достық байланысты нығайту және кәсіби ынтымақтастықты дамыту мақсатында қабылданды.
Келісім екі елдің жүргізушілері үшін неғұрлым қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатта тараптар шекаралық рәсімдерді жеңілдету, қауіпсіз жүргізу мәдениетін ілгерілету, жол жағдайларында өзара көмек көрсету және қызметтердің жедел ынтымақтастығы жөніндегі төрт негізгі бағытқа баса назар аударды.

















