Ислам Ынтымақтастық Ұйымы 21 араб және ислам елдерімен бірлесіп, Израильдің Сомалилендті мойындау әрекетін қатаң айыптаған мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы сенбі күні 21 араб және ислам елімен бірлескен мәлімдемесінде сионистік режимнің бұл әрекетін «қауіпті жаңалық” деп атап, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген елеулі қатер санады.
Құжатта Израильдің Сомалилендке қатысты әрекеттері үзілді-кесілді қабылданбайтыны айтылған.
Қол қойған тараптар бұл бұрын-соңды болмаған қадам Африка мүйісі мен Қызыл теңіз аймағындағы стратегиялық маңызы зор өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіпті салдар әкелетінін ескертті.
Ислам елдері біртұтас мемлекет аумағының бір бөлігінің тәуелсіздігін мойындауды халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының негізгі қағидаттарына нұқсан келтіріп, жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіретін қауіпті әрі тыйым салынған жаңашылдық деп атады.
Мәлімдемеде сионистік режимнің бұл әрекеті ең қатаң түрде айыпталып, халықаралық нормалар мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын айқын бұзу екені баса айтылған.
Айта кетейік, Израиль премьер-министрінің кеңсесі жұма күні Биньямин Нетаньяхудың Сомалиленд Республикасын тәуелсіз және егеменді ел ретінде танығанын хабарлады.



















