Иран Мәжілісінің төрағасы Қалибаф біртұтас және табанды Иранды жаулардың қорқынышты түсі деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мохаммед Бақер Қалибаф Мәжілістің күн тәртібіне дейінгі баяндамасында біртұтас және табанды Иранды жаулардың қорқынышты түсі деп атады.
Қалибаф сөзінің жалғасында: «Бүгінде біз бір жағынан сионистік режимнің әскери қылмыскерлері әлем халқының көз алдында Газадағы жүздеген мың әйел мен балаларды және бейбіт тұрғындарды қанға бөктіріп, оларды «хайуан» деп атап, су мен тамақтан айырып, осы қылмыстары мен геноцидтерін мақтан тұтатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Олар халықаралық соттарда айыпталғанымен, осы қылмыстары үшін АҚШ Конгресінде қошеметке бөленуде.
Екінші жағынан, Венесуэланың заңды президенті сияқты тұлға барлық халықаралық заңдарға қайшы түрде ұрланады. Венесуэла бала өлтірген жоқ, геноцид жасаған жоқ. Бұл — олардың бай минералды және қазба ресурстарына ие болуы мен сол ресурстарды басқару тізгінін Америкаға бермеуінің өтеуі.
Америка негізінен өзінің «жұмсақ үстемдігі» әлсіреген жерде «қатыгез күшке» жүгінеді. Қазір ол өзінің құлдырап бара жатқанын сезіп, жаңа дәуір басталғанға дейін билікті нығайту мен ресурстарды тонаудың соңғы мүмкіндіктерін пайдаланып қалу үшін жынданған адамға айналуға мәжбүр болды. Бүгін — халықаралық құқық дәуірінің аяқталып, халықаралық қатынаста «орман заңының» орнағаны жарияланған күн.
Халықаралық жүйеде ешқандай «қызыл сызық» қалмаған әлемде, тәуелсіз болу үшін күшті болу керек, ал күшті болу үшін бірлікте болып, күн-түн демей еңбек ету қажет. Біртұтас және табанды Иран — жаулардың қорқынышты түсі.
Қасиетті бірлік, тұрақты экономикалық өсім, халықтың сатып алу қабілетін сақтау, нарықты тұрақсыздандыруға бағытталған жаулардың әрекеттеріне тосқауыл қою, басқарудағы теңгерімсіздіктерді түзету, басқа елдермен ортақ стратегиялық мүдде құру және Иранның қорғаныс қабілетін жан-жақты нығайту күшті болудың негізгі бағыттары болып табылады».

















