Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи басқыншыларды стратегиялық жеңіліс күтіп тұрғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі бұл туралы Ливан астанасы Бейрутке сапарының басында айтты.
Арақчи: «Иран Ислам Республикасы Ливанның ұлттық егемендігін, тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын табанды түрде қолдап, Ливан үкіметімен жан-жақты әрі ауқымды қарым-қатынас орнатуды қалайды.
АҚШ пен Израиль бұған дейін Иранға шабуыл жасау нұсқасын сынақтан өткізгенімен олардың стратегиясы масқара жеңіліске ұшырады. Егер тағы бір жаңа авантюра қайталанатын болса, бұл жеңіліс міндетті түрде тағы қайталанады.
Біздің аймақ күрделі сын-қатерлерге душар отыр. Сионистік режим тарапынан төніп тұрған қауіп-қатер дәл бүгінгідей үлкен болған жоқ. Соңғы екі жылда аймақтағы жеті ел, соның ішінде Ливан мен Иран сионистік режимнің агрессиясына ұшырады. Ливан жерінің кейбір бөлігі әлі де режим сарбаздарының басқыншылығында қалып отыр. Соңғы бір жыл ішінде сионистік режим атысты тоқтату келісімін үнемі бұзып келеді.
Біз соғысты қаламаймыз, бірақ соғысқа дайынбыз. Біз келіссөздерге де дайынбыз, бірақ бұл келіссөздер өзара мүдделерге негізделуі тиіс. Америкалықтар келіссөз жүргізу мен өз дегенін күштеп таңудың айырмашылығын түсінген кезде ғана мәнді келіссөздер басталуы мүмкін», — деді.












