Германия бір кездері Еуропада прогресске қозғаушы күш болса, енді регресстің қозғаушы күшіне айналды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Германия канцлері Фридрих Мерцтің жаңа мәлімдемесіне жауап ретінде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: “Кезінде Германия Еуропада прогресске қозғаушы күш болса, енді регресстің қозғаушы күшіне айналды.
Былтыр қыркүйек айында Нью-Йоркте Мерцтің талап етуімен Еуропалық үштік ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерге қатысуын тоқтатып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Иранға қарсы санкцияларының қайтарылуына қол жеткізді. Енді Мерц оны келіссөз үдерісіне қайтаруды өтініп отыр.
Өкінішке орай, біз, ирандықтар, Мерцтің саяси аңғалдық және жиіркенішті қылықтарының тағы бірнеше көрінісіне куә болдық.
2025 жылдың маусым айында Израиль мыңнан астам ирандықты өлтірген кезде, ол қуанған болатын. Сондай-ақ, Мерц Иранның күйреуіне санаулы апта ғана қалды деп ашық пікір білдірген еді.
Немістер қажырлы еңбегімен және өнертапқыштығымен адамзаттың дамуына үлес қосқан ұлы халық. Иран Германиямен тығыз қарым-қатынасты әрқашан құптап келді. Сондықтан әлемдік аренада Германияға Мерц сияқты адамның өкілдік етуі өте өкінішті.
Біз Германияға анағұрлым кемел әрі лайық саяси басшылық оралады деп үміттенеміз”,-деді.


















