Түркия мен Иран Сыртқы істер министрлері Хакан Фидан мен Аббас Арақчи Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Түркия және Иран Сыртқы істер министрлері Хакан Фидан мен Аббас Арақчидің телефон арқылы сұхбатында айтылды.
Кеше, дүйсенбі, 9 ақпан күні Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша жүріп жатқан келіссөздері талқыланды.
2025 жылғы маусымда Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдарынан кейін тоқтатылған Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер Оманда қайта жанданды.
Оман Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди 6 ақпан күні Иран мен АҚШ делегациялары Масқатта Иранның ядролық бағдарламасы бойынша өте маңызды келіссөз жүргізгенін, тараптар бұл үдерісті жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, бұл келіссөздің тараптардың ұстанымдарын нақтылау мен алға ілгерілеу мүмкіндіктерін анықтау үшін пайдалы болғанын атап айтты.
Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи, америкалық тарапты Президент Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф басқарды.



















