Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы Түркіменстанда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, 22 мамыр күніне жоспарланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібінде 11 мәселе талқыланады. Бұл туралы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко мәлімдеді.
Игорь Петришенко кеше, сейсенбі күні Минск қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Атқарушы комитетінде Достастықтың Атқарушы өкілдері кеңесінің отырысында: “Бүгін біз төрағалық етуші мемлекет Түркіменстанда өткізілетін Үкімет басшылары кеңесінің күн тәртібін мақұлдаймыз. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы биылғы жылдың 22 мамырына жоспарланған. Қазіргі таңда 11 мәселе бар. Олар ең алдымен экономикалық бағытқа, конгресс-көрме қызметіне, көлік дәліздеріне, сондай-ақ 2027 жылға ТМД-ның жастар астанасы ретінде Минск қаласын айқындауға қатысты”,- деді.
Түркіменстан 2026 жылы ТМД-ға төрағалықты қабылдады. Президент Сердар Бердімұхамедов 2025 жылғы қазан айында Душанбеде өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Түркіменстан бұл миссияға үлкен жауапкершілікпен қарайтынын баса айтты. Осы мақсатта мемлекетаралық әріптестіктің басым бағыттарын қамтитын тиісті тұжырымдама әзірленді.



















