Американың Соғыс министрлігі Пентагон Қытайға тыңшылық жасау үшін 12 миллиард доллардан астам қаржы бөлді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы кеше сәрсенбі, ақпанның 25 күні Bloomberg Network ақпарат жариялады. Блумберг аталған министрліктің бюджеті туралы құжаттардың бірі негізінде ақпарат жариялап, Пентагон Қытайдың белсенділігіне мониторинг жасау мақсатында 12 миллиардтан астам доллар қаражат бөлгенінін әшкере етті.
Осы мәліметте: “Америка Азиядағы Қытайдың әскери күшінің ерекше артуымен күресу үшін осы елдің әскери қозғалыстарын, сүңгуір қайықтарын және спутниктерін бақылауды жақсарту үшін тағы 12,6 миллиард доллар қаржы бөледі” деп жазылған.
Bloomberg Network бұл қосымша бюджеттің бірінші кезекте Америка армиясының дайындығын арттыруға, шабуылдаушы киберлік операцияларды дамытуға, Үнді-Тынық мұхиты аймағында бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Boeing компаниясының стелс X-37B ғарыш кемесінің жұмысын кеңейтуге бағытталғанын мәлімдеді.
Құжатта сондай-ақ, Қытай немесе Ресей ғарыш кемелерін бақылауға арналған АҚШ-тың Silent Barker ерте ескерту тыңшылық спутниктерінің санын көбейтуге 528 миллион доллар бюджет қарастырылғаны да көрсетілген.














