Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін алға тартты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Бадр әл-Бусаиди бұл туралы CBS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бадр әл-Бусаиди Иран мен АҚШ арасында жасалуы мүмкін келісімнің шарттарына қатысты мәлімдеме жасап, бұл мәселелер бойынша ортақ мәміле бар деп есептейтінін айтты.
Ол келіссөздерде бұрын-соңды болмаған оң нәтиже туралы келісімге қол жеткізілгенін алға тартты.
Бусаидидің айтуынша, келіссөздердегі ең басты жетістік — «нөлдік қор» мәселесі. Соған сәйкес, Иран байытылған материалдарды қордалау әрекеттерін тоқтатады.
Сондай-ақ ол былай деді: «Иранның қазіргі [байытылған уран] қорларына келетін болсақ, оларды мүмкіндігінше ең төменгі деңгейге дейін сұйылту және отынға айналдыру туралы келісім бар. Бұл отын қайта өңделмейтін болады”.
Оман министрі сөзін жалғастыра отырып: «Өз тарапымнан, біз бұл мәселелер бойынша келісімге келдік деп ойлаймын», — деп мәлімдеді.
















