Eurasiatoday
Суббота, 28 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Арақчи: Біз әлемдегі ең қуатты әскер мен Израиль әскеріне қарсы тұрдық

  • Сұхбат, ТОП жаңалықтар
  • 6 марта, 2026 11:56

Loading

Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи елінің әлемдегі ең қуатты әскер мен Израиль әскеріне қарсы тұра алғанын баса айтты. 

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Сейед Аббас Арақчи бұл туралы NBC News арнасына берген эксклюзивті сұхбатта мәлімдеді. 

Тілші: Қазір Иранды кім басқарып отыр?

Тақырыпқа орай:

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

28.11.2026

Доктор Арақчи: Жүйе жұмыс істеп жатқанын білесіздер. Біз Көшбасшымыздан айырылдық, бірақ Конституцияға сәйкес, істердің жауапкершілігін Көшбасшылық кеңес өз мойнына алды. Олар Конституцияда белгіленген тәртіп бойынша жаңа Көшбасшыны сайлайды. Президент, министрлер кабинеті және өзге де ресми тұлғалар өз орындарында қызметтерін жалғастыруда.

Тілші: Бірақ жаңа Көшбасшыны таңдау үдерісі жүріп жатқанын білеміз. Аяттолла Хаменеидің ұлы басты кандидат деген ақпараттар бар. Бұл рас па?

Доктор Арақчи: Сарапшылар кеңесінің (Меджлис-е Хобреган) жаңа Көшбасшыны сайлауын күтуіміз керек. Сарапшыларды халық сайлайды. Олар Көшбасшыны таңдау міндетін атқарады. Қауесет көп, бірақ соңында кімнің сайланатынын ешкім нақты білмейді.

Тілші: Егер жаңа Көшбасшы әлі сайланбаған болса, оның қашан таңдалатынын білесіз бе?

Доктор Арақчи: Конституцияға сәйкес, нақты процесс бар, оның аяқталуына бірнеше күн кетуі мүмкін. Әрине, біз қазір қалыпты жағдайда емеспіз. Бізге соғыс таңылған соң қауіпсіздік үшін төтенше шаралар қабылданды. Сондықтан бұл біраз уақыт алуы мүмкін, бірақ процесс жүріп жатыр. Соңғы шешімді Сарапшылар кеңесі қабылдайды.

Тілші: Әлем Үнді мұхитында сіздердің эсминецтеріңіздің батқанын көрді. Ондаған ирандық теңізші қаза тапты. Сіз бұл үшін Америка қатты өкінетінін айттыңыз. Иран қандай әрекетке барады. Қазіргі әскери жағдайда қолдарыңыздан не келеді?

Доктор Арақчи: Ең алдымен, ол Үндістан әскери-теңіз күштерінің шақыруымен жаттығуларға қатысуға барған әскери-теңіз күштерінің оқу кемесі болатын. Олар үндістердің қонағы ретінде жаттығуға қатысып, елге қайтып келе жатқан. Кемеде қару болған жоқ. Қарусыз және іші теңізшілерге толы оқу кемесіне шабуыл жасау — бұл әскери қылмыс.

Тілші: Қай елдің әскери күші қарусыз эсминецті мұхитқа жібереді?

Доктор Арақчи: Себебі олардың мақсаты соғыс болмаған. Олар Үндістан әскери-теңіз күштері ұйымдастырған жаттығуға барды. Онда басқа да көптеген қонақтар болды, шеруге қатысты, барлығы бейбіт оқу-жаттығу шарасы еді. Олар бұл миссияға соғыс басталмай тұрып кеткен болатын. «Америка өкінеді» деп айтқанымда, Американың халықаралық теңіз құқығының бүкіл тұжырымдамасына нұқсан келтіретін, халықаралық заңдарға қайшы жаман прецедент жасағанына меңзедім. Қарусыз кемеге еш себепсіз шабуыл жасалып, көптеген теңізші қаза тапқанда, бұл үлгі болып қалады.

Тілші: Америка әуе кеңістігін бақылауда ұстап отырғанын, Иранның зымырандық шабуылдары 80 пайыздан астамға азайғанын және Иранның 2000-нан астам нысанасына соққы жасағанын айтуда. Пентагон Американың басым жеңіске жеткенін мәлімдеді. Сіздің ойыңызша олар қателесе ме?.

Доктор Арақчи: Соғыстың алты күнінен кейін Американың өз негізгі мақсатына — тез әрі толық жеңіске жете алмағаны анық болды. Олар өз шабуылдарын ақтауға тырысуда, бірақ ешқандай дәлелдерінің әсері жоқ. Енді олар бұдан да үлкен жеңіліске айналуы мүмкін «Б жоспары» туралы айтып жатыр. Олардың мақсаты режимді өзгертіп, жылдам жеңіске жету еді, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. Жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Командирлер ауыстырылды, Көшбасшы жақында Конституция бойынша ауыстырылады. Иә, бізге шабуыл жасалды, бірақ біз Израильдегі көптеген нысандар мен Американың базаларына соққы жасадық. Біздің зымырандарымыз әлі де белсенді және дәл жұмыс істейді. Сондықтан олар біздің Израильге және басқа да бағыттарға зымыран атуымызға кедергі бола алмады. Бұл — біздің жеңісіміз және біз қарсы тұра алдық. Соғыста жеңімпаз болмайды, бірақ біздің жеңісіміз — жаудың заңсыз мақсаттарына төтеп беруімізде. Біз әлемдегі ең қуатты армия мен Израиль армиясына қарсы тұра алдық. Олар біздің Израильге және басқа нысандарға зымыран атуымызды тоқтата алмады. Біз жетістікке жеттік, ал олар бізді тоқтата алмады. Міне, бұл — біздің жеңісіміз».

Тілші: Иран кемінде тағы 10 елге шабуыл жасады, олардың көбі — осы соғысқа қатысы жоқ араб көршілеріңіз. Неліктен Рамазан айында мұсылман көршілеріңізді нысанаға алдыңыздар?

Доктор Арақчи: Қателеспеңіз, біз көршілерімізге шабуыл жасаған жоқпыз. Біз мұсылман елдерін нысанаға алған жоқпыз. Біздің жалғыз нысанамыз — өкінішке орай, көршілес елдердің аумақтарында орналасқан Американың базалары мен нысандары болды. Мен олардың Сыртқы істер министрлерімен байланысқа шығып: «Біз сіздерді нысанаға алмаймыз. Біздің сіздермен ешқандай мәселеміз жоқ, біз тек Американың базалары мен нысандарына ғана соққы жасаймыз” деп түсіндірдім.

Тілші: Иран азаматтық нысандарды — көптеген елдердегі қонақүйлерді, мұнараларды, әуежайларды нысанаға алды. Бұлар әскери нысандар емес қой.

Доктор Арақчи: Жоқ, біз америкалықтар жүрген кез келген жерді нысанаға алдық. Кез келген соғыста болатындай, жанама шығын болған шығар. Газада Израиль 70 мыңнан астам адамды өлтіріп, оны «жанама шығын» деп атады. Сондықтан бұл жағдайда да жанама шығын болуы мүмкін. Бұл туралы біз бүкіл аймаққа алдын ала ескертіп: “Егер АҚШ бізге шабуыл жасаса, біздің сіздердің жерлеріңіздегі олардың нысандарына соққы беруден басқа амалымыз қалмайды” деген болатынбыз. Соғыс бақылаудан шығып, бүкіл аймақ апатқа ұшырауы мүмкін. Бұл соғыс біздің таңдауымыз емес, бұл Американың таңдауы, сондықтан барлық шығынға солар жауапты болуы тиіс.

Тілші: НАТО Түркия әуе кеңістігіне кірген ирандық зымыранды атып түсіргенін хабарлады. Сіздер күн сайын жаңа жау  арттырып жатырсыздар ма?

Доктор Арақчи: Біздің әскери күштеріміз Түркияға немесе Әзербайжанға қандай да бір зымыран ату фактісін жоққа шығарды. НАТО бұл зымыранды Иран атты дейді, бірақ біздің жақсы көршіміз Түркияға оқ атуға еш себебіміз жоқ, сондай-ақ Әзербайжанға дрон ұшыруға да негіз жоқ. Біз не болғанын зерттеп жатырмыз, мүмкін ол басқа жерден келген немесе техникалық ақау шыққан болар. Бірақ біздің Түркияға, Әзербайжанға немесе басқа көршілерге шабуыл жасау ниетіміз жоқ. Алайда, аймақтағы америкалық базалар мен нысандар қай жерде болса, біз оларды міндетті түрде нысанаға аламыз.

Тілші: Сіз бұған дейін Иранға шабуыл жасалса, ұрыс алаңы кеңейетінін ескерткенсіз. Қазір бірнеше елге соққы жасалды. Иранның бұл елдерге шабуыл жасаудағы мақсаты АҚШ-қа Иранды бомбалауды тоқтату үшін қысым көрсету ме?

Доктор Арақчи: Жоқ, мақсатымыз ол емес. Біздің соғысымыз Америкамен. АҚШ бізге күн сайын, сағат сайын шабуыл жасауда, ал біз өзімізді қорғап жатырмыз. Американың өз аумағына жете алмасақ, өзімізді қалай қорғаймыз? Біз айналамыздағы аймақтарда орналасқан америкалық базаларға соққы бере аламыз. Бұл осы соғыстың табиғи салдары. Америка бізге шабуыл жасап, халқымыз қырылып жатыр. Олар біздің мектептерімізді нысанаға алды, бір оқиғада 171 мектеп оқушысы, қыздар қаза тапты. Содан кейін ауруханаларымызға шабуыл жасады. Бүгін стадионға, тіпті муниципалитеттер мен жергілікті полиция бөлімшелеріне шабуыл жасады. Біз өзімізді қалай қорғауымыз керек? Әрине, аймақтағы америкалық нысандар мен базаларды нысанаға алу арқылы.

Тілші: Иран қанша уақытқа дейін қарсылық көрсете алады?

Доктор Арақчи: Біз қажет болғанша өзімізді қорғаймыз. Бұл анық. Біз агрессияның құрбанымыз, сондықтан біздің іс-әрекетіміз — өзін-өзі қорғау. Бұған құқығымыз бар. Сонымен қатар, біз Израильдегі нысандар мен америкалық базаларға соққы беріп, шығын келтіре алдық. Кез келген соғыста шығын болады, бірақ біз өз абыройымызды қорғаймыз. Бұл абырой мен тәуелсіздік біз үшін бәрінен де маңызды. Егемендігіміз бен жеріміздің тұтастығы, намысымыз үшін кез келген құн төлеуге дайынбыз. Біз мұны бұған дейін 2025 жылдың маусым айында жасағанбыз. 12 күн бойы қарсылық көрсетіп, жауды ешқандай шартсыз атысты тоқтатуды сұрауға мәжбүр еттік. Биыл да осы жағдай қайталанады.

Тілші: Министр мырза, Иран атысты тоқтату туралы өтініш беруді жоспарлап отыр ма?

Доктор Арақчи: Жоқ, біз тіпті өткенде де атысты тоқтатуды сұраған жоқпыз. 12 күндік қарсылықтан кейін Израильдің өзі ешқандай шартсыз атысты тоқтатуды өтінді. Соғыстың алғашқы күндері олар біздің берілуімізді талап етті, бірақ біз қорғанысты жалғастырып, зымырандармен жауап бердік. Содан кейін Израиль алдымен АҚШ-тан көмек сұрады, артынан атысты тоқтатуды өтінді. Бұл жолы да біз ешқашан атысты тоқтатуды сұраған емеспіз.

Тілші: Иранның АҚШ аумағына жетуге мүмкіндігі жоқ. Америкалықтар Иранның өз жеріне шабуыл жасауынан қауіптенуі керек пе?

Доктор Арақчи: Жоқ, олардың біздің айналамызда жеткілікті базалары бар. Одан әріге барудың қажеті жоқ.

Тілшіт: Ормұз бұғазы жабылған жоқ, бірақ оны жабу туралы қауіп халықаралық экономикаға нұқсан келтірді. Егер соғыс жалғаса берсе, Иран бұғазды жабуға тырыса ма?

Доктор Арақчи: Біз бұғазды жапқан жоқпыз. Кемелер мен мұнай танкерлері екі тараптың шабуылынан қорыққандықтан өтпей жатыр. Қазірше бұғазды жабу ниетіміз жоқ, бірақ біз кез келген сценарийді қарастырамыз. Халықаралық танкерлер біздің нысанамыз. Оларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тілші: Иран астыртын арналар арқылы АҚШ ресмилерімен байланыста ма?

Доктор Арақчи: Жоқ, соңғы кездесуімізден кейін ешқандай байланыс болған жоқ. Бұған дейін біз ұзақ келіссөз жүргізіп, Оман Сыртқы істер министрі растағандай, айтарлықтай жетістікке жеткен едік. Президент Трамп «Иран ядролық қару жасамау туралы негізгі қағиданы қабылдауға келіспеді» деді. Жоқ, бұл шындық емес. Иран мұны талай рет айтқан және бұл тұрақты кепілдік. Қауіпсіздік доктринасы мен Жоғарғы Көшбасшының пәтуасына сәйкес, Иран ешқашан ядролық қаруға ұмтылмайды. Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (NPT) адал мүшесі, тек маусымдағы шабуылдан кейін ғана тексерістерге шектеу қойылды. Иранның ядролық қоры қауіпсіз жерлерде бақылауда тұр. Келісімге қол жеткізгеннен кейін мұқият тексеру жүргізуге болады. Біздің ядролық бағдарламамыз бейбіт сипатта. Басқаларды бұған сендіруде ешқандай мәселе жоқ.

Тілші: Соғысқа келетін болсақ, АҚШ-тың құрлықтағы шабуылынан қорқасыздар ма?

Доктор Арақчи: Жоқ, біз тойтарыс беруге дайынбыз. Бұл Америка үшін апатпен аяқталады. Иран кез келген сценарийге, тіпті құрлықтағы басқыншылыққа да дайын.

Тілші: Ресей мен Қытай сіздерге көмектесіп жатыр ма?

Доктор Арақчи: Олар бізге саяси және басқа да салаларда қолдау көрсетуде. Иран мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы ашық түрде жүріп жатыр және ол жалғаса береді.

Тілші: Иран ішінде интернет неге шектелген?

Доктор Арақчи: Іс жүзінде барлық ирандықтың әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі бар. Кейде қауіпсіздік мақсатында халық пен нысандарды қорғау үшін қолжетімділік шектеледі. Біз соғыс жағдайындамыз, сондықтан мұндай шектеу енгізуге құқығымыз бар.

 

 

 

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

Катардың бұрынғы Премьер-министрі «Парсы шығанағы НАТО-сын» құру туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

НАТО Украина арқылы әлемдегі әскери қауіпсіздікке қатер төндіруде

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

“Алғыс айту” күні — Американың байырғы халқын қырып-жою мерекесі

27.11.2026
Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

26.11.2026
Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

Гилан останында ядролық сәулелендіру бойынша жаңа орталық ашылды

26.11.2026
The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

The Economist: Таяу Шығыста соғыс азаяды, бірақ шынайы бейбітшіліктің ауылы әлі алыс

26.11.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Хатибзаде: Америкалықтар нацистік Германия сияқты әрекет етуде

Хатибзаде: Америкалықтар нацистік Германия сияқты әрекет етуде

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.