Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Америка Құрама Штаттарының сарбаздары Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарын «тірі қалқанға» айналдырғанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи соғыс басталғаннан бері америкалық сарбаздар Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердегі базаларын тастап, азаматтық қонақүйлер мен кеңселерді паналағандарын мәлімдеді.
Арақчи X әлеуметтік желісінде жариялаған бейсенбі күнгі жазбасында: «Бұл соғыс басталғаннан бері америкалық сарбаздар Парсы шығанағы елдеріндегі әскери базаларын тастап, қонақүйлер мен кеңселерге тығылып жүр. Олар Парсы шығанағы елдерінің азаматтарын тірі қалқан ретінде пайдаланып отыр», — деді.
Иран Сыртқы істер министрі бұл жағдайды АҚШ-тағы жағдаймен салыстырып, онда қонақүйлер қауіпті болуы мүмкін әскери қызметкерлерге бөлме беруден бас тартатынын атап айтты.
Арақчи: «АҚШ-тағы қонақүйлер клиенттерге қауіп төндіруі мүмкін әскери қызметкерлерге бөлмелерді брондаудан бас тартады. Парсы шығанағы елдерінің қонақүйлері де дәл осылай істеуі керек», -деді.
Вашингтонның агрессивті риторикасына және 28 ақпанда басталған Иран аумағындағы мектептер, ауруханалар мен спорт нысандары сияқты азаматтық объектілерге жасалған шабуылдарға қарамастан АҚШ әскерлері өздерінің алдыңғы шептегі позицияларын қорғауда айтарлықтай табандылық танытпаған.
Керісінше, олар халық тығыз қоныстанған азаматтық аудандарға шегініп, жазықсыз арабтарға қауіп төндіруде.
Иранның америкалық және израильдік агрессияға берген нақты әрі шешімді жауабы Ислам Республикасының күші мен табандылығын бірнеше рет көрсетті.
Иран әскерлері басқыншыларға шабуыл жасауды жалғастырып жатқанда, АҚШ қолбасшылығы одақтастарын қорғаудан бұрын, өз бастарын аман алып қалуды көбірек ойлайтын сияқты.
Азаматтық халықтың арасына тығылу арқылы АҚШ халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі қағидаларын бұзып қана қоймай, аймақ тұрақтылығы мен Иран егемендігіне нұқсан келтіру үшін ұзақ уақыт бойы пайдаланылып келген америкалық базалар мен нысандар орналасқан елдердің тұрғындарына қауіп төндіруде
















