Иранның Оңтүстік Парс арнайы экономикалық аймағының бас директоры Сехават Асади жаудың шабуылдарына қарамастан Асалуйеде мұнай-химия өнімдерінің өндірісі жалғасып жатқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Оңтүстік Парс арнайы энергетикалық экономикалық аймағының бас директоры Сехават Асади бейсенбі күні кешке Бандар-Дейр тұрғындарының жиынында сөйлеген сөзінде мұнай, газ және мұнай-химия саласындағы халықтың қолдауы мен отандық мамандардың еңбегіне тоқталып, өндірістің тоқтаусыз жүруі осы бірліктің нәтижесі екенін баса айтты.
Асади АҚШ пен Израильдің шабуылы салдарынан Асалуйедегі мұнай-химия өнеркәсібінің кейбір инфрақұрылымдары нұқсан келгенін растады. Алайда соған қарамастан өндіріс тоқтаған жоқ және халықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету іркіліссіз жалғасуда.
Зиян келген газ өндіру бөлімшелерінің бірі қайта іске қосылды. Оның қуаттылығы күніне 12 миллион текше метрді құрайды. Бұл жетістікке отандық инженерлер мен мамандардың күшімен қол жеткізілді.
Бас директор елдегі тұрақтылықты сақтау мен өндірістік жобаларды ілгерілетуде халықтың белсенділігі мен қырағылығы шешуші рөл атқаратынын баса айтты.
Еске салайық, 2026 жылғы 16 наурызда Израиль АҚШ-тың мақұлдауы және келісімімен Иранның Оңтүстік Парс газ кеніші мен Асалуйе портындағы мұнай-газ нысандарына шабуыл жасады.
Әлемдегі ең ірі табиғи газ кеніші саналатын Оңтүстік Парс нысанын Иран мен Катар бірлесіп игереді. Катар жағы оны «Солтүстік күмбез» деп атайды. Бұл шабуылдың мақсаты Ислам революциясы Сақшылар корпусының негізгі табыс көздерінің бірін бұғаттау болды.













