Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф ара елдерінің инвесторларына ақшаларын жоғалтпай тұрып, облигацияларын жылдам сатуды ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Біріккен Араб Әмірліктері мен бірқатар араб елінің облигацияларын сатуына қатысты ықтималды шектеулер туралы хабарламалар туралы мәлімдеме жасады.
Қалибаф бұл туралы X әлеуметтік желісінде пікір білдіріп: «АҚШ Қаржы министрінің айтуынша, араб елдерінің америкалық активтерді жүйесіз сатылуына жол бермеу мақсатында валюталық своп желілері іске қосылды. Бұл кейбір облигация иелерінің активтерін еркін сата алмайтынын, іс жүзінде Америка Құрама Штаттары тарапынан шектеуге ұшырағанын білдіреді»,-деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мохаммад Бақер Қалибаф АҚШ қаржы жүйесінің облигациялар саудасына төзімділігі төмен екенін баса айтып: «Іс жүзінде мемлекеттік және институционалдық инвесторлар сақтауға міндетті сатудың жарияланбаған шекті деңгейі белгіленген. Жағдай одан әрі ушыққан жағдайда, аталған активтерді сату үдерісі толығымен бұғатталуы мүмкін»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сөзінің соңында облигация иелеріне ескерту жасап: «Мүмкіндік бар кезде облигацияларды сатыңыздар. Бұл бағыттағы негізгі көрсеткіш облигациялардың табыстылық қисығы болып табылады»,-деп баса айтты.













