Ресей Президенті Владимир Путин Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесуі барысында Иран халқының егемендігі жолындағы күресін жоғары бағалады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кездесу кеше, дүйсенбі күні Санкт-Петербург қаласында өтті.
Ресей Президенті ирандықтардың ұлттық дербестікті сақтап қалу жолындағы табандылығына жоғары баға беріп, Иранның қиын кезеңді еңсеріп, елде тезірек бейбітшілік орнайтынына сенім білдірді.
Владимир Путин Ресей Иранның және өңірдегі басқа да мемлекеттердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдайтынын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілікті тезірек қалпына келтіруге жан-жақты жәрдемдесетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Ресей Президенті өткен аптада Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Моджтаба Хаменеиден жазбаша жолдау алғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Ресейге Пәкістан мен Оманға жасаған сапарынан кейін келді.
















