Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Америка Иранмен арадағы атысты тоқтату келісімін бұзды

  • ТОП жаңалықтар
  • 8 мая, 2026 10:54

Loading

АҚШ армиясы атысты тоқтату келісімін бұзып, Парсы шығанағындағы Иран кемелеріне зымыран атты.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша кеше жұма күні АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс тағы күрт күшейді.

«Хатам әл-Анбия» орталық штабының мәлімдеуінше, АҚШ армиясы атысты тоқтату келісімін бұзып, Парсы шығанағындағы Иран нысандарына зымыранмен соққы жасады. Вашингтон аймақтағы әскери қақтығыстарды растағанымен, шиеленісті өршітті деген айыпты жоққа шығарды.

Тақырыпқа орай:

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026

«Хатам әл-Анбия» штабының баспасөз хатшысы Ибраһим Зұлпақари Американың лаңкестік және басқыншы армиясы Иранның жағалау суларынан Жаск аймағы арқылы Ормұз бұғазына қарай бет алған ирандық мұнай танкерін нысанаға алғанын хабарлады. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра айлағына жақын маңда тағы бір кеме шабуылға ұшыраған.

Сонымен қатар, Иранның оңтүстік жағалауындағы бірнеше азаматтық нысан АҚШ-тың әуе соққыларына ұшырады. Атап айтқанда, Бандар-Хамир, Сирик және Кешм аралы аталды. Тегеран нақты мемлекеттерді атамай, аймақтағы кейбір елді осы шабуылдарға көмектесті деп айыптады.

Иран Қарулы Күштері бұған жауап ретінде дереу қарымта операция бастағанын мәлімдеді.

«Хатам әл-Анбия» штабы Иран бөлімшелері Ормұз бұғазының шығысы мен Чабаһар айлағының оңтүстігінде АҚШ-тың әскери кемелеріне соққы беріп, оларға ауыр шығын келтіргенін хабарлады.

Ислам революциясы сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері де АҚШ эсминецтеріне қарсы ауқымды бірлескен операция жүргізілгенін жариялады. Мәлімет бойынша, бұл операцияда баллистикалық зымырандар, кемеге қарсы қанатты зымырандар және жарылғыш заттармен жарақталған камикадзе-дрондар қолданылған. Иранның барлау ұйымдары АҚШ күштерінің айтарлықтай шығынға ұшырағанын, үш әскери кеменің аймақтан жылдам кетіп қалғанын хабарлады.

Екінші жағынан, АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Америка эсминецтері осы стратегиялық өткелден өтіп бара жатқанда Иран тарапынан зымырандар, дрондар және жылдам жүретін қайықтармен шабуыл жасалғанын растады. Вашингтон бұл шабуылдарға тойтарыс берілгенін және қорғаныс мақсатында қарымта шар қабылданғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, АҚШ дағдарысты одан әрі ушықтыруға ниетті емес екенін, бірақ өз күштерін қорғау үшін толық жауынгерлік дайындықта қалатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Fox News телеарнасы жоғары лауазымды америкалық жауапты тұлғаға сілтеме жасап, АҚШ армиясы Кешм порты мен Бендер-Аббас қаласына соққы бергенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, аталған шабуылдар екі ел арасындағы атысты тоқтату режимінің аяқталғанын білдірмейді.

Осы оқиғалар аясында Иран Тегеранның батысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін іске қосты. «Нуриньюс» және IRNA ақпарат агенттіктері бірнеше шағын дронның жойылғанын хабарласа, Тегеранның батыс аудандарының тұрғындары әуе қорғанысының атыс дыбыстарын естігендерін айтты.

Айта кетейік, Дональд Трамп АҚШ-тың Ирандағы нысандарға соққы жасағаны туралы хабарларға қарамастан, тараптар арасындағы атысты тоқтату режимі өз күшінде қала беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол егер Иран билігі жақын арада Америка Құрама Штаттарымен келісімге келмесе, америкалық тараптың қайтадан шабуыл жасайтынын ескертті.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

24.11.2026
Иранда  27 лаңкес тұтқындалды

Иранда  27 лаңкес тұтқындалды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Чабаһар айлағы Иранның қауіпсіз сауда арнасына айналды

Чабаһар айлағы Иранның қауіпсіз сауда арнасына айналды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.