Иран Президенті Масуд Пезешкиан елінің дипломатиялық талпыныстарын әлсіздіктің белгісі емес, ұлттық мүддені қорғау деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан жуырдағы әскери қақтығыстың салдарын жою жөніндегі жұмыс тобының отырысында Иран халқының қайтпас ерік-жігерін атап айтты.
Президент Пезешкиан халықаралық аренадағы ықтимал диалог мәселесіне тоқталып, кез келген байланыс тек ел егемендігін қорғауға бағытталатынын нақтылады.
Масуд Пезешкиан: «Иран халқы ешқашан жау алдында бас имейді. Егер бүгінде диалог немесе келіссөз туралы сөз болса, бұл тізе бүгу немесе шегіну дегенді білдірмейді. Біздің мақсатымыз -ұлттың құқықтарын қалпына келтіру және ұлттық мүдделерімізді абыроймен қорғау», -деді.
Президент қираған аймақтарды қалпына келтіруге арналған отырыс барысында соғыс тауқыметін тартқан азаматтарға құрмет білдіріп, бейбіт тұрғындардың төзімділігін рухани ерліктің ең жоғарғы көрінісіне теңеді.
Президенттің айтуы бойынша, қиындық пен қирандылар арасында өмір сүріп, еңбек ету кейде ұрыс даласындағы құрбандықтан да үлкен батылдықты талап етеді.



















