Eurasiatoday
Среда, 25 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Имам Хомейни — XX ғасырдағы ең ықпалды тұлғалардың бірі

  • Сарапшы пікірі, ТОП жаңалықтар
  • 4 июня, 2026 13:52

Loading

Имам Хомейнидің XX ғасырдың ең ықпалды тұлғаларының біріне айналғанын жоққа шығару мүмкін емес.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы қырғызстандық сарапшы Қадыр Маликов мәлімдеді.

Маликовтың айтуы бойынша имамның идеялары әлі күнге дейін Иранға, Таяу Шығысқа және ислам әлеміндегі көптеген үдерістерге әсерін тигізіп келеді.

Тақырыпқа орай:

Америкалықтар Иранмен соғыстың дереу  аяқталуын қалайды

Америкалықтар Иранмен соғыстың дереу  аяқталуын қалайды

25.11.2026

Бүгін — Имам Руһолла Мусави Хомейнидің қайтыс болған күні.

Имам Хомейни туралы айтылуы тиіс ең басты нәрсе — оның бүгінгі Иран үшін, аймақ үшін, тіпті тек ислам үмбеті үшін ғана емес, жалпы бүкіл адамзат үшін халықтарды сана мен ойлау жүйесінің отарлануынан оятудағы, әсіресе Батыс қоғамының Эпштейн тізіміндегі өз «элиталарына» көзін ашудағы рөлі шығар.

Имам Хомейни нағыз отаршылдық тек мұсылман және араб елдеріндегі АҚШ-тың әскери базалары түріндегі әскери құзыры немесе ресурстарды бақылау ғана емес, ең алдымен адамдардың санасын идеялар, мәдениет және ойлау жүйесі арқылы бақылау екенін алғашқылардың бірі болып ашық айтты. Халық өзіне, өз тарихы мен өз мәдениеті және құндылықтарына сенуден қалғанда, оны сырттан басқару оңайға түседі.

Имам Хомейнидің тұлға ретінде қалыптасуына оның алған тәрбиесі мен өмір сүрген тарихи ортасы үлкен әсер етті. Жаратқан Ие пайғамбарларды сынақтар мен қиындықтар арқылы тәрбиелегені сияқты, Хомейни де отаршылдық қысым, сыртқы араласу және биліктегі режимдердің ұлттық мүдделерді сатып жіберу дәуірінде тәрбиеленді. Ол ел байлығының сыртқы бақылауға кетіп жатқанын, әділетсіздіктің артқанын,  қарапайым адамдардың өз тағдырын өздері анықтау құқығынан айырылғанын көрді.

Осындай ортада, езілген халықтың арасынан өз елінің тарихын өзгертіп қана қоймай, бүгінде біз куә болып отырған көптеген үдерістерді алдын ала болжай білген көшбасшының шығуы жайдан жай емес. Оның ондаған жыл бұрын ескерткен көптеген нәрселері бүгінгі күннің шындығына айналды.

Бүгінде біз алпауыт мемлекеттердің гегемониясының жалғасуын, халықаралық қатынастардағы қос стандарттарды, халықтарға жасалған агрессия мен әділетсіздікті көріп отырмыз.

Оның көзқарасында Палестина мәселесі ерекше орын алды. Ол Палестинаны ислам әлемінің жүрегі және халықаралық саясаттағы әділдіктің өзіндік бір адамгершілік өлшемі санады. Сондықтан Палестина мәселесі ол үшін тек аумақ немесе саясат мәселесі емес, адамдық ар-ұждан мәселесі болды.

Қызығы сол, бүгінде ояну үдерісі тек мұсылмандар арасында ғана жүріп жатқан жоқ. Біз мұны жақында ғана ешкім күтпеген жерлерден көріп отырмыз. Батыс елдерінің өзінде барған сайын көптеген зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары, журналистер, қоғам қайраткерлері мен жастар тосын сауалдар қоя бастады. Көптеген адамдар әділетсіздікпен келісуге және кез келген ақпаратты сыни талдаусыз қабылдауға әзір емес.

Қазіргі таңда интернет пен ақпараттың ашықтығының арқасында көптеген адамдар әлемдік оқиғаларға таңылған насихат призмасы арқылы емес, өз көзімен қарай бастады. Бұл тек Палестинаға ғана емес, басқа да көптеген халықаралық дағдарыстар мен қақтығыстарға қатысты.

Имам Хомейнидің күресінің басым бөлігін қуғында өткізгенін екінің бірі біле бермейді. Ол алдымен Түркияға жер аударылды, кейін Ирак пен Францияда болды. Алайда, Отанынан жырақта жүрсе де, өз халқымен байланысын үзбей, күресті жалғастыра білді. Тыйымдар мен қуғын-сүргінге қарамастан оның аудиокассеталары, үндеулері мен кітаптары бүкіл Иранға тарап жатты.

Хомейнидің келесі маңызды ерекшелігі — ол діни ой-сананы саяси жауапкершілікпен ұштастыра білуінде. Ол иман тек мешітпен немесе адамның жеке өмірімен шектелмеуі керек, сонымен бірге әділдікті, халықтың абыройы мен мемлекеттің тәуелсіздігін қорғауда да көрініс табуы тиіс деп есептеді.

Оның көзқарастары мен саяси шешімдерін әр қырдан қарастыруға болады, бірақ имам Хомейнидің XX ғасырдың ең ықпалды тұлғаларының біріне айналғанын жоққа шығару мүмкін емес. Оның идеялары әлі күнге дейін Иранға, Таяу Шығысқа және ислам әлеміндегі көптеген үдеріске әсерін тигізіп келеді.

Оның өмірінің басты сабағы — нағыз өзгерістер қарудан немесе ақшадан емес, адамдардың санасының өзгеруінен басталатындығында шығар.

Міне, сондықтан да адамдардың санасы мен жүрегі үшін күрес бүгінгі күні де ең маңызды күрес болып қала береді. Ояну үдерісі әлемнің көптеген елінде, соның ішінде ешкім күтпеген жерлерде де жалғасуда.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Америкалықтар Иранмен соғыстың дереу  аяқталуын қалайды

Америкалықтар Иранмен соғыстың дереу  аяқталуын қалайды

25.11.2026
Сауд режимі Йеменнің Әл-Ходейда әуежайы мен портына шабуыл жасады

Сауд режимі Йеменнің Әл-Ходейда әуежайы мен портына шабуыл жасады

25.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

24.11.2026

Басты жаңалықтар

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
АҚШ-ның Өкілдер палатасы Иранмен соғысуға тыйым салатын қарар қабылдады

АҚШ-ның Өкілдер палатасы Иранмен соғысуға тыйым салатын қарар қабылдады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.