Eurasiatoday
Пятница, 27 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Пак Айин: Иран мен АҚШ арасындағы хат алмасу еш нәтиже бермейді

  • Батыс Азия, Саясат, Сұхбат, ТОП жаңалықтар
  • 8 июня, 2026 17:34

Loading

Сарапшы Мохсен Пак Айин Тегеран Вашингтонмен тек Пәкістанның делдалдығымен хат алмасуды ғана жалғастырып отырғанын және оның еш нәтиже бермейтінін баса айтты.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран мен Америка арасында хат алмасу және жаңа бір уағдаластыққа келу ықтималдығы туралы болжамдар толастамай тұрған кезде Парсы шығанағындағы қақтығыстар үдей түсті.

Иранның Әзірбайжандағы бұрынғы елшісі, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Мохсен Пак Айин бүгінгі таңда жүріп жатқан үдеріс келіссөз емес, жай ғана хат алмасу екенін айтады. Сарапшының пікірінше, бұл үдерісте Американың өз көзқарасын өзгерткені немесе Иранның талаптарымен келіскені туралы ешқандай белгі жоқ.

Тақырыпқа орай:

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026

Мохсен Пак Айин АҚШ-ның әскери қысымды жалғастырып жатқанына сілтеме жасап, Вашингтонның келісімге келуге әлі ешқандай ниет танытпағанын баса айтты.

Сарапшы бұл туралы Eghtesad Online агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Тілші: Өзіңізге мәлім, Иран мен Америка арасындағы байланыс үдерісі тоқтаған жоқ. Бірақ бұл үдерістің ұзаққа созылып, нәтижесіз текетіреске айналғаны көрініп тұр. Екі тараптың алғашқы келісімге келуіне бөгет болып отырған басты мәселе не деп ойлайсыз? Қандай шарттар орындалғанда уағдаластыққа қол жеткізуге болады?

Пак Айин: Алдымен мына бір жайтты анықтап алған жөн. Иран мен АҚШ арасында ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ. Тек қана сөз болған жалғыз жағдай бұл Мохаммад Бақер Қалибафтың Джей Ди Вэнспен кездесу үшін Исламабадқа барған сапары және осы сапар аясында көтерілген мәселе ғана. Осы уақытқа дейін бұдан басқа Иран мен Америка арасында ешқандай келіссөз болған емес.

Әрине, хабарлама алмасу тоқтаған жоқ. Арағайын ел Пәкістан екі тарап арасында хабарламаларды жеткізіп тұрады. Алайда бұл әрекеттерден қазірге дейін ешқандай нәтиже шықпады. Пәкістанның ресми тұлғаларының Иранға сапармен келулері белгілі бір дәрежеде үміт бергенімен, бұл сапарлардың мәселенің түйінін түйткілді шеше алатынына менің күмәнім бар.

Сондай-ақ жақын арада Пәкістанның ресми өкілдерінің бірі тағы да Тегеранға сапармен келеді деп айтылуда. Пәкістан осы делдалдық рөлі арқылы өзінің өңірлік және халықаралық деңгейдегі беделін арттыруды көздейді. Сол себепті де бұл бағытта белсенді екенін көрсету үшін Иранға өз делегацияларын жіберіп отыр. Олардың бұл талпынысы бағалауға тұрарлық және біз пәкістандық бауырларымызға ризашылық та білдіреміз. Дегенмен, АҚШ тарапынан нақты бір ниет болмаса, пәкістандық ресми тұлғалардың сапарларынан ешқандай нәтиже шықпайтынын түсінуіміз керек.

Басты мәселе-Американың қандай да бір келісімге келуді қаламайтындығында. Дональд Трамп Конгрестің Өкілдер палатасының алдында ақталу, қоғамдық пікірді сендіру үшін Иранмен байланыс орнатып жатқандай сыңай танытып отыр. Трамп кейде бұл үдерісті «келіссөздер» деп атаса, енді бірде «келісімге келуге шақ қалдық» деп мәлімдеп жүр.

Алайда шын мәнінде, америкалықтар осы уақытқа дейін біздің бірде-бір талабымызды қабылдаған жоқ. Олар Иранның Ормұз бұғазындағы егемендік құқығын да, бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаға деген құқығын да, Иранның бұғатталған активтерін қайтару мәселесін де мақұлдамады.

Сондай-ақ сионистік режимнің Ливанға жасаған шабуылдарын тоқтатуға да ешқандай ниет таныта қойған жоқ. Сондықтан Иранның талаптары орындалған жоқ. Ал бұл мәселелер шешімін таппайынша, өзара келісімге қол жеткізу мүмкін еместігі заңдылық.

Сонымен қатар, АҚШ-ның әскери іс-қимылдары да соңғы күндері уақытша атысты тоқтату туралы мәлімдемелеріне қарама-қайшы түрде шиеленісе түсті. Сири аралы мен басқа да аймақтарда орын алған әрекеттер америкалықтардың атысты тоқтату режимін ұстануға ниетті еместігін көрсетеді.

Иран маңына 15 әскери кеменің орналастырылуы да дәл осы жайтты айғақтайды. Бұл әрекеттер Американың әскери күш көрсету және қоқан-лоққы жасау арқылы Иранды айтқанына көндіруді көздеп отырғанын көрсетеді.

Мен осындай жағдайда хат алмасу үдерісінің болашағынан зор үміт күтпеймін. Тек Пәкістан өзара мүдделер аясында әрекет етіп, бұл үдерістен ешқандай нәтиже шықпайтынын нақты түсіндіре алса ғана жағдай өзгеруі мүмкін.

Тілші: Сіздің ойыңызша, Америка қазіргі таңда тек уақыт ұтуға тырысып жатыр ма? Олар қайта әскери қадамдарға баруды жоспарлап отыр деп есептейсіз бе? Әлде Вашингтонның басты мақсаты теңіз блокадасы арқылы Иранды өз талаптарын қабылдауға мәжбүрлеу ме?

Пак Айин: Меңіңше, бұл жерде екі нұсқа да орынды. АҚШ ішкі саяси қысымнан құтылу үшін және халықаралық деңгейде Иранға белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында қазіргі жағдайды сол күйі сақтап тұруға мүдделі әрі оған жаңа соғысқа кірісудің еш қажеті жоқ.

Екінші жағынан, әскери күш көрсетілмейінше, теңіз қоршауы да ешқандай нәтиже бермейді. Ал егер жағдай әскери сипатқа көшетін болса, бұл іс жүзінде атысты тоқтату режимін бұзу дегенді білдіреді. Біз мұндай жағдайларға бірнеше рет куә де болдық.

Меңіңше, Трамп өте қиын жағдайда тұр. Ол атысты тоқтату режимін қабылдағанын және дипломатиялық жолды таңдағанын айтқанымен, іс жүзінде бұл мәлімдемесіне сай әрекет ете алмай отыр.

Дәл осы себепті, Трамп халықаралық деңгейде Иранға қарсы ортақ шешім қалыптастыру мүмкіндігіне ие емес. Сондай-ақ ішкі саясатта да халық пен Өкілдер палатасының үмітін ақтай алмай отыр. Ол өте күрделі мәселелерге тап болды. Енді оның бұл тығырықтан қалай жол тауып шығатынын уақыт көрсетеді.

Тілші: АҚШ-тың энергетикалық дағдарыс секілді ішкі мәселелерін есепке алмағанның өзінде, теңіз қоршауы мен бұл текетірестің ұзаққа созылуы Иран үшін тым қымбатқа түспей ме?

Пак Айин: Біз ешқашан қақтығысты қолдап, текетіреске ұмтылған емеспіз. Бірақ бұл теңіз қоршауында қалдық деп, Американың заңсыз талаптарына көніп, олардың пайдасына бас иеміз дегенді білдірмейді.

Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Егер олар теңіз қоршауын жалғастырғысы келсе, біз де олардың бұл мақсатына жете алмауы үшін тиісті әрекеттерді жасаймыз. Ормұз бұғазын толықтай өзіміз бақылаймыз. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда әскери қолбасшылар жүзеге асыратын басқа да жоспарлар бар.

Тілші: Егер қазіргі жағдай осылай жалғаса беретін болса, Ормұз бұғазындағы ахуалдың ушығуы, тіпті ондағы кеме қатынасының толық тоқтатылуы Иранның алдағы уақытта қолдануы мүмкін сценарийлерінің біріне айналады деп есептейсіз бе?

Пак Айин: Менің ойымша, қазіргі уақытта Ормұз бұғазында ұстанып отырған бағытымыз көрегендікпен жасалып отыр. Біз кейбір кемелердің өтуіне рұқсат беріп отырмыз. Дәл осы себептен АҚШ халықаралық қауымдастық алдында «Иран Ормұз бұғазын толықтай жауып тастады» деген уәжін дәлелдей алмай отыр.

Қазіргі жағдайда туындап отырған кедергілер мен шектеулердің негізгі себепкері ретінде көбіне америкалықтардың өзі қарастырылады. Қалай болғанда да Иран Ормұз бұғазы секілді ықпал ету тетігін уақыт талабына сай тиімді пайдалана алады. Қажет кезінде шектеулерді күшейтсе, кейде жағдайды жұмсарта түседі.

Әрине, бұл тұрғыдағы соңғы шешімді мемлекет басшылары ағымдағы ахуал мен қалыптасқан жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып қабылдайтын болады.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АҚШиранСұхбатХат алмасу
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026

Басты жаңалықтар

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иордания Иранға шабуыл жасауда Израилді қолдады

Иордания Иранға шабуыл жасауда Израилді қолдады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.