Шәһид аятолла имам Хаменеимен халықтың қоштасу рәсімдері мұхаррам айының алғашқы онкүндігінен кейін, яғни 25 маусымнан басталады.
Еуразия Тудейдің Ислам революциясының шәһид жетекшісі аятолла имам Хаменидің еңбектерін сақтау және жариялау кеңсесінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Иранның күрескер әрі шейіт имамының миғражын ұлықтау штабы мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеде: «Дәуірдің дара тұлғасымен қоштасу, жаназасын шығару және жерлеу рәсімдері мұхаррам айының алғашқы онкүндігінен кейін өткізіледі.
Осы ұлы шараға қатысуға ниетті көптеген жақтастар арасында түсінбеушілік тудырған, аталған рәсімнің уақыты мен егжей-тегжейіне қатысты отандық және шетелдік БАҚ пен медиа кеңістігінде тараған болжамдар мен қауесеттер ешқандай негізсіз және шындыққа жанаспайды.
Бұл шараның егжей-тегжейі алдағы уақытта осы штаб тарапынан тиісті мерзімде қосымша жарияланады” деп жазылған.
Еске салайық, Иранның шәһид көшбасшысының денесі Машһад қаласында жерленеді. Тегеран әкімдігінің мәдени және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхаммед Амин Тавакколизаде шәһид көшбасшысы хазірет аятолла Әл-Озма Сейіт Әли Хусейни Хаменеидің жерленетін орны — оның өз өсиеті мен жақындарының кеңесіне сәйкес, Машһад қаласындағы хазірет имам Реза кесенесінің жаны деп белгіленгенін және оның денесі сонда мәңгілік жай табатынын мәлімдеді.
















