Иран Революциясының шәһид Көшбасшысын жерлеу рәсіміне миллиондаған адамның қатысуы – Иранның өз революциясының ешқандай шекара мен шек танымайтынын мәлімдеген күш-қуат көрсетілімі болды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, еврей тілінде шығатын Yedioth Ahronoth газет Иранның шәһид Көшбасшысы аятолла сейіт Әли Хаменеиді жерлеу рәсіміне миллиондаған адамның қатысуы күш-қуаттың көрсетілімі және Америка Құрама Штаттарының «көзіне қадалған тікен» болғанын жазды.
Басылымның мәліметіне сәйкес, Иран осы іс-шара арқылы өз революциясының ешқандай шегі мен шекара танымайтынын дәлелдеді.
Сонымен қатар, аталған газет сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кеңсесі New York Times басылымына сілтеме жасап таралған ақпаратты теріске шығарғанын хабарлады. Ол ақпаратта Израильдің АҚШ-пен келіссөз жүргізу барысында Иранның жоғары лауазымды келісімгерлерінің көзін жою жоспарланғаны айтылған болатын.












