Ресей мен Иран Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Аббас Арақчи Парсы шығанағындағы шиеленісті реттеу мен әскери іс-қимылдарды тоқтату мәселелерін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кеше, 24 шілде күні Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында келіссөз жүргізді.
Кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында өтті. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, тараптар Парсы шығанағындағы жағдайдың ушығуын және қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігіне төнген қауіптер жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, Ресей аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалпына келтіріп, кеме қатынасын қалпына келтіру мақсатында әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге мүмкіндігінше тез арада қол жеткізудің маңыздылығын қуаттады.
Сондай-ақ, тараптар келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін де сөз етті.


















