Кабулдағы Талибан билігінің өкілі Забиһулла Моджаһид Ауғанстанда ДАИШ тобының тамырына толығымен балта шабылғанын және олардың қауіпсіз баспаналары жойылғанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Талибанның ресми өкілі Забиһулла Моджаһид БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жуырдағы отырысында айтылған мәлімдемелерге жауап беріп, Талибан өкіметінің ешкімге де төзімділік танытпайтынын хабарлады.
Муджаһид Талибанның Ауғанстанның бүкіл аймағын толық бақылауда ұстап отырғанын және ол жерде басқа ешбір қарулы топтың әрекет етуіне жол берілмейтінін баса айтты.
Оның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайына қатысты айтылған айыптаулар шындыққа жанаспайды.
Ол Ауғанстанда ДАИШ тобының көзі жойылғанын, қауіпсіз баспаналары толығымен талқандалғанын және халықаралық қауымдастық Талибанның осы топқа қарсы жүргізген күресін жоғары бағалауы тиіс екенін тағы қуаттады,
Бұл мәлімдеме БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы отырысында Пәкістан, Қытай, АҚШ және кейбір басқа елдердің өкілдері Ауғанстандағы ДАИШ пен басқа да қарулы топтардың белсенділігіне және өңірге төнуі мүмкін қауіпсіздік қатерлеріне алаңдаушылық білдіргеннен кейін жасалды.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда ДАИШ шабуылдары айтарлықтай азайғанымен, көптеген батыс елінің басшылары Ауғанстанда бұл топтың әлі де бар екенін және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор қауіп төндіретінін айтуда.

















