Ақпарат дереккөздері сионистік режимнің Сирия аумағындағы Қунейтра елді мекеніне шабуыл жасап, екі азаматты ұрлағанын хабарлады.
Сирияның Әл-Қунейтра провинциясының солтүстік шетінен хабарлаған ақпарат көздері сионистік режим әскерилерінің Джабата әл-Хашаб ауылына қарай ілгерілеп, ауқымды тінту жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша басқыншы режимнің әскерилері осы ауылға енгеннен кейін бірнеше тұрғын үйді жеке-жеке тексеріп, Сирияның екі азаматын құрықтаған. Ұсталғандардың жеке бас мәліметтері мен жағдайлары туралы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Куәгерлер тілшілерге сионист әскерилер ешбір алдын ала ескертусіз әскери көліктерімен ауылға кіріп, аймақты қоршауға алып, тінтуге кіріскенін айтқан. Жергілікті тұрғындар үрейлері ұшып, мұндай басқыншылықтың қайталануына алаңдаушылық білдірді.
Айта кетейік, Башар Асад режимі кұлағаннан кейін Израил армиясы 1974 жылы қол қойылған «Күштерді бөлшектеу туралы келісімді» бұзып, Сирияның оңтүстігіндегі басып алынған Дераа және Әл-Қунейтра провинцияларында 10 база мен әскери нысан салды.













