Соңғы бір жылда Ауғанстанның аймақ және әлем елдерімен дипломатиялық әрі экономикалық қарым-қатынасы артты.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Ислам Әмірлігінің ресми өкілі Забихулла Муджаһид «Үкімет баспасөз айнасында» атты кездесуде былтыр елдің экономикаға бағытталған саясатының арқасында Ауғанстанның көршілес елдермен және әлеммен дипломатиялық байланысы нығайғанын мәлімдеді.
Муджаһидтің айтуынша, аймақтағы шиеленістерге қарамастан, өңірдегі маңызды мемлекеттердің Ислам Әмірлігіне деген көзқарасы оң жаққа өзгеріп, Ауғанстанның бірқатар елмен экономикалық және саяси қарым-қатынасы кеңейе түскен.
Ол 2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Ауғанстанның Кувейт пен Берлиндегі елшіліктері, сондай-ақ Германияның Бонн қаласындағы консулдығы өз жұмысын қайта бастағанын хабарлады.
Аталған дипломатиялық миссиялардан бөлек, қазіргі уақытта Ислам Әмірлігінің шетелдегі 28 дипломатиялық өкілдігінде, атап айтқанда елшіліктері мен консулдықтарыеда ауған азаматтарына төлқұжат беру және консулдық қызмет көрсету толық жолға қойылған.
Муджаһид Ислам Әмірлігінің қазіргі таңда 100-ден астам мемлекетпен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен әртүрлі деңгейдегі саяси-дипломатиялық қарым-қатынасы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Ислам Әмірлігін ресми түрде таныған алғашқы елдердің бірі болғанын тілге тиек етті.
Соңғы бір жылда Ауғанстанның әртүрлі мемлекеттік мекемелерінің өкілдері саяси және сауда-экономикалық байланысты нығайту мақсатында шетелге 93 ресми сапар жасаған.
Соңғы жыл ішінде Ауғанистан шетелдік азаматтарға, инвесторларға және іскер топ өкілдеріне 203 000-нан астам виза берген.

















