Иран Қытайдың аймақтық қауіпсіздікке қатысты жауапты әрі принципті ұстанымын жоғары бағалайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи Тегерандағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бақайидың айтуынша, Қытай аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға үнемі сындарлы үлес қосып келеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: «Иран Қытаймен осы бағытта ынтымақтастық орнатуға әрдайым дайын», — деді.
Оның айтуы бойынша, Бейжің кез келген мүмкіндікті пайдаланып, өзінің принципті ұстанымын ашық білдіреді. Бақайи бұл Иран үшін өте маңызды екенін баса айтты.
Алайда Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл жағдайды Иран мен АҚШ арасындағы мәселелерді шешу үшін жаңа делдалдың пайда болуы деп қабылдауға болмайтынын, бұл бағытта Пәкістан өзіне жүктелген міндетті тиімді атқарып отырғанын айтты.
Бақайидың пікірінше, мәселе делдалдың жоқтығында емес. Басты мәселе- АҚШ-та диалогқа қажет ең төменгі ізгі ниеттің болмауында.
Ол: «Вашингтон қазіргі стратегиясын өзгертпесе, араағайын тараптардың беделі де нұқсан көруі мүмкін»,-деді.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Қытай өкілі Батыс елдерінің Тегеранға қарсы санкцияларды қайта енгізу талабына қарсы шықты. Дипломат «snapback» тетігінің мерзімі бұрын аяқталғанын атап айтып, бұл мәселені Қауіпсіздік Кеңесінде қайта көтеру халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретінін ескертті. Бейжің бұл бағыттағы әрекеттерді орынсыз деп санайды.



















