Ормұз бұғазынан рұқсатсыз әрі жасырын өтуге әрекеттенген екі мұнай танкері Омандағы Ғанам порты маңында минаға соғылды.
Ислам революциясы сақшылары корпусының Әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесіне сәйкес, бүгін навигациялық жүйелерін өшіріп, Ормұз бұғазынан рұқсатсыз әрі жасырын өтуге әрекеттенген екі мұнай танкері Омандағы Ғанам портының маңында минаға соғылды. Соның салдарынан танкерлердің бірі жарылып, екінші танкер жойылып кетуден қорқып, Парсы шығанағына кері қайтуға мәжбүр болды.
Иран Ормұз бұғазы су жолында өз егемендігі мен заңдарын нық орнатуда.
Америкалық жаудың қаскүнемдігі мен жалдамалы араб режимдерінің, әсіресе БАӘ жаудың сыбайластығына қарамастан, тәртіп бұзған кемелерді анықтау және жою үдерісі жалғасуда. Тамыз айының соңынан бүгінгі күнге дейін 300-ден астам түрлі кеме, олардың басым бөлігі мұнай танкерлері, нысанаға алынып, жойылды.
















