Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерлері Солтүстік Корея шекарасына жақын маңда ауыр қару-жарақпен жауынгерлік атыс жаттығуларын өткізді.
Mignews агенттігінің хабарлауынша, Кореяның бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Оңтүстік Корея армиясының механикаландырылған жаяу әскер бригадасының және Stryker броньды машиналарымен жабдықталған АҚШ армиясының жаттығулары жауынгерлік дайындықты тексеруге және нығайтуға бағытталғаны айтылған.
Пхеньян Оңтүстік Корея мен АҚШ әскерлерінің бұл қауіпті әрекетін айыптады. Корея түбегіндегі жағдайдың шиеленісуіне өткен жылдағы Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарды сынауы себеп болған.
Сондай-ақ, АҚШ Корея түбегіне жақын жерде әскери күштерді, соның ішінде атом зымыран сүңгуір қайығын, авиатасымалдаушыларды және ірі бомбалаушыларды орналастырды. Оңтүстік Корея армиясының мәліметі бойынша, жаттығулар бір аптаға созылды: желтоқсанның 29-ы басталып, 4 қаңтарда аяқталды.
Бірлескен жаттығуларға 110-нан аса ірі жауынгерлік қару-жарақ, соның ішінде Оңтүстік Корея армиясының танктері, зениттік артиллерия және америкалық әскери шабуылдаушы авиация мен брондалған жауынгерлік машиналар қатысты.


















