Иран Ислам Республикасы Палестинаға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Палестинаны азат ету жөніндегі халық майданы Бас хатшысының орынбасары Жамил Мазхармен кездесуде мәлімдеді.
Тегеранға Палестинаны азат ету жөніндегі халықтық майдан делегациясын басқарып келген Жамил Мазхар дүйсенбі күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен кездесті.
Иран СІМ басшысы кездесуде палестиналықтардың сионистік режимнің ауыр қылмыстарына қарсылығы мен төзімділігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Арақчи Иран Ислам Республикасы Палестинаны азат ету жөніндегі халық майданын Палестинадағы сионистік режиммен бұрыннан күресіп келе жатқан топтардың бірі ретінде мойындайтынын, осы күресте қайтыс болған оның Бас хатшысы мен қазір тұтқында отырған Бас хатшысын құрметтейтінін айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Палестинаға қолдау көрсетудегі елінің тұрақты ұстанымын растап, палестиналықтарға халықаралық алаңдарда, соның ішінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.


















