Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Әзербайжан президенті Илһам Әлиев Астанда мемлекеттік сапары аясында мәлімдеді.
Илһам Әлиев: «Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал», — деді.
Әзербайжан Президенті Илһам Әлиев кеше, қазанның жиырмасы күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.













