Әзербайжанның Мәдениет министрі Адил Керимли ирандық әріптесімен киноөндіріс саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Барселонада өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Мәдени саясат және тұрақты даму жөніндегі Дүниежүзілік конференциясы аясында Әзербайжанның Мәдениет министрі Адиль Керимли мен Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Аббас Салехи кездесті.
Кездесу барысында тараптар Әзербайжан мен Иран арасындағы мәдени байланысты кеңейту, соның ішінде халықаралық мәдени жобаларға қатысу, киноөндіріс саласындағы ынтымақтастық және өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, Испанияның Барселона қаласында 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ЮНЕСКО-ның Мәдени саясат және тұрақты даму жөніндегі Дүниежүзілік конференциясы өтіп жатыр.
















