Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев жақын арада Иранға ресми сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Шахин Мустафаев Түркіменбашы қаласында Иранның Жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садеқимен кездесуінде мәлімдеді.
Әзербайжан мен Иранның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясын басқаратын Шахин Мустафаев пен Фарзане Садеқи кездесу барысында екі ел арасында экономикалық және әкімшілік саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, келіссөз барысында шекаралық жобаларға баса назар аударылды.
Тараптар бірлескен жобаларды, соның ішінде Астара терминалы мен шекаралық көпірлердің құрылысын жеделдету қажеттігін қуаттады.


















